Солтүстік Қазақстандағы перзентхананың дәрігері қызылша жұқтырған

Сурет: primeminister.kz
Солтүстік Қазақстан облысы перинаталдық орталығында дәрігер қызылша жұқтырғаны анықталды. Инфекция дәрігер еңбек демалысында болған кезде тіркелді. Мекеме карантинге жабылмайды, бірақ енді босану кезіндегі серіктестікке уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

"Облыстық перинаталдық орталықта қызылша инфекциясы тіркелмеді. Ауру еңбек демалысында баласымен бірге болған дәрігерден анықталды. Ол емдеу мекемесіндегі емделушілермен байланыста болмаған. Перинаталдық орталықта карантин енгізілмеді. Бірақ босанатын әйелдің қасына серіктес болып кіруге тыйым салынды", - деп хабарлады департамент.

Босануға серіктестің қатысуына жол берілдмейді, өйткені олар қызылшаға қарсы екпе алғанын растай алмайды дейді дәрігерлер.

"Қызылшаның инкубациялық кезеңі ұзақ, келушілердің бірі тасымалдаушы болуы мүмкін. Науқастар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін осындай шешім қабылданды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазақстанда қызылша инфекциясы наурыз айында көп тіркеле басталғанымен, оқу жылы басталған күзде жағдай ушыға түсті.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды