Алматыдағы өрт салдарынан қаза тапқандар қай ел азаматтары екені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаменті хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.

Алматы қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сай, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы). Тағы 9-ы – Қазақстан азаматтары.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екі адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілген.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды