Астанада қатты соққан желден аялдама әйнегі ұшып кетіп, екі адам зардап шекті

Сурет: pixabay
2023 жылғы 3 желтоқсанда Астанада аялдаманың әйнегі ер адам мен әйел адамның үстіне құлады. Бұл жағдай елордада соққан қатты желдің салдарынан болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, оқиға Айнакөл көшесіндегі Шу аялдамасында болған.
"Қатты желдің салдарынан әйнек бекіткішінен босап, құлап, сынды. Соның салдарынан екі адам зардап шекті. Ер адамның оң жақ жамбасы сынып, №1 көпбейінді қалалық аурухананың жатқызылды политравматология бөліміне жатқызылды. Әйелді тексеріп, қажетті көмек көрсетілді. Амбулаторлық емдеуге жіберілді". Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі

Әкімдік 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін аялдамалар кешенін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа әйнектер орнатылатынын мәлімдеді.

"Қалпына келтіру жұмыстары мердігер есебінен жүргізіледі. Мердігерге қатысты да тергеу жүргізіледі. Бұған қоса онымен келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылып жатыр". Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайынан хабардар етті:

"Жан-жақты тексерудің нәтижесінде жарақат алған науқас стационарға жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты. Бүгінгі күні хирургиялық ем тағайындалды. Екінші науқас амбулаторлық емделуге жіберілді".

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі