Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

Алматы, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 16:52 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматыда алғашқы қар жауып, үсік болатынын болжады. Ал 2026 жылғы 22–24 қазанда Шымкентте ауа температурасы +20°C-қа дейін көтерілсе, Астанада -7°C-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

22 қазан: күн ала бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C болады.

23 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C болады.

24 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +2…+4°C болады.

Алматы

22 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +14…+16°C болады.

23 қазан: күн ала бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің жылдамдығы секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C болады.

24 қазан: күн ала бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C болады.

Шымкент

22 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C болады.

23 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C болады.

24 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 20 метр. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C болады.

21 қазанда Өскемен мен Семейде алғашқы қар жауды. Коммуналдық қызметтер жолдарды тазалап, қауіпті учаскелерге арнайы қоспалар сеуіп жатыр. Ал жүргізушілер дөңгелек ауыстыру орындарында кезекке тұрды. Тасжолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілді. Синоптиктер алдағы күндері тағы да қар жауып, аяз болатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: