21–23 қарашада Алматыда күн +17°C-қа дейін, Шымкентте +22°C-қа дейін жылынады

Сильная жара, лето, высокая температура, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 16:20 Фото: unsplash
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 21–23 қарашаға Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш күнде Алматыда ауа температурасы +17°C-қа дейін, Шымкентте +22°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада күндіз ауа температурасы +6°C-қа дейін көтерілгенімен, жаңбыр мен қар жауады. Шымкентте кей күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматыда үш күн бойы жауын-шашын болмайды.

Астана

21 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Арагідік тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде −6…−4°C, күндіз +4…+6°C болады.

22 қарашада күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы −2…0°C, күндіз +4…+6°C болады.

23 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Арагідік тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +2°C, күндіз +3…+5°C болады.

Алматы

21 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +14…+16°C болады.

22 және 23 қарашада да күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы +5…+7°C, күндіз +15…+17°C болады.

Шымкент

21 қарашада күн ала бұлтты болады. Күндіз мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C болады.

22 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C болады.

23 қарашада күн ала бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +20…+22°C болады.

20 қарашада "Қазгидромет" Қазақстанның 10 қаласында ауа райы ауаның ластануына қолайлы жағдай туғызатынын ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: