Ведомство 2023 жылдың басынан Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталғанын еске салып өтті.
Бұл процедураны қайда және қандай құжаттармен өткізуге болатындығы туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық бірнеше рет көпшілікке жеткізілді. Алымның бір реттік мөлшерлемесі 200 мың теңге көлемінде айқындалды. Алайда көлік прокурорлары анықтағандай, қаскүнемдер бұл жағдайды Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да теріс пайдаланған.
"Мемлекетке келтірілген алдын ала залал 400 млн теңгеден астам. Басқа аймақтарда тексеру жалғасуда".Бас көлік прокуратурасы
Мәселен, осы жылдың 13 сәуірі күні осындай жосықсыз азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз Республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, Toyota Highlander маркалы шетелден әкелінген көлікті қазақстандық есепке тіркеген.
"Олардың нақтылығына прокурорлар американдық сайттармен мәліметтерді салыстыру арқылы көз жеткізді, бұл көліктің 2022 жылдың 12 қазанында Copart аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгенін көрсетті. Осы мән-жайларды жария етудің негізгі шарттары мен мерзімдері туралы біле отырып, жеке тұлғалардың 2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік төлемдерді төлеуден жалтарған белгілерінің бар екендігін тікелей көрсетеді".Бас көлік прокуратурасы
Тек Алматы қаласы бойынша 160 ұқсас факт анықталған.
Осыған байланысты көлік прокурорлары мемлекетке келтірілген залалды өтеу және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселені қарап, қадағалау актісін енгізді.
"Жиналған материалдар ҚР ҚК 195 және 361-баптары бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді". Бас көлік прокуратурасы
Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтініштерді Ішкі істер министрлігі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында қабылдады. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін елге әкелінген автокөліктерді заңдастыруға болмайды. Министрліктің мәліметінше, қазірдің өзінде Қазақстанда 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылған.