Ішкі істер министрі Алматыда жасөспірім қызға азғындық жасады деген полицейлер жөнінде пікір білдірді

Сурет: pixabay
2023 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Парламенті Мәжілісінің кулуарында Алматыда полиция капитандарының жасөспірім қызды зорлау фактісін растады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ержан Сәденов Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы қызға азғындық жасағанын растады.

"Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бұрынғы қызметкерлер осындай қылмыс жасады. Дереу тәртіптік комиссия құрылды, бұл адамдар теріс себептермен жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Ішкі істер министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, қылмыс жасаған кезде олар құзырлы органдар қатарында болған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін