Қазақстанда қызылшадан екі нәресте көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова 28 желтоқсанда Сенат кулуарында Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Есмағамбетоваға: "Қазақстанда қызылша ауруының қазіргі жағдайы қандай және өлім-жітім бар ма" деген сауал қойды.

"Астана және Шығыс Қазақстан облысында екі өлім оқиғасы тіркелді. Олар жасқа толмаған балалар, яғни әлі екпе жасына толмаған. Бір бала шала туылған, патологиясы көп болған, оған қызылша кеп қосылған", – деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитариялық дәрігердің айтуынша, қызылша жұқтырған балалардың арасында ауыр халде жатқандар бар.

"Кешегі мәлімет бойынша, әр өңірде 15 баланың жағдайы ауыр, бірақ олардың әрқайсысын Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр", – деді Айжан Есмағамбетова.

14 желтоқсанда сенатор Бибігүл Жексенбай депутаттық сауалында қызылшаға қарсы екпе мәселесіне тоқталған еді. Ол елімізде діни сенімін сылтауратқан бас тартушылармен жұмыс істелмейтінін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін