Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор: Қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан ата-аналармен ешкім жұмыс істемейді

Қызылша, ата-аналар, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 15:14 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
14 желтоқсанда сенатор Бибігүл Жексенбай қызылшаға қарсы екпе мәселесіне тоқталып, депутат ретінде сауалын жолдаған еді. Ол елімізде діни сенімін сылтауратқан бас тартушылармен жұмыс істелмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат дабыл қақты. Қазақстан қызылша ауруы бойынша Эфиопия, Пәкістан, Конго елдерін басып озып, Йемен және Үндістанмен теңесті. Бибігүл Жексенбай Қазақстанда вакцинация мәселесі бірден туындаған жоқ деп есептейді. Мамандардың айтуынша, мұның басты себептерінің бірі – ата-аналардың барлығы бірдей екпенің маңызын түсіне бермеуінде.

"Шалғайдағы және ауылды елді мекендерде медицина кадрлары мен құрал-жабдықтардың жетіспеуі де балаларды уақытылы егуді қиындатады. Сонымен қатар біраз өңірде вакцинаға қолжетімділік пен егу қызметінің сапасына байланысты мәселелер бар. Сонымен қатар діни наным-сенімдерін алға тартып, бас тартатындармен де жұмыс істелмейді. Екпе деңгейі туралы есептердің сеніміне күмәнданатындар көп. Біз Қазақстанның цифрландыруда алға жылжығанын мақтан етеміз, бірақ вакцинация деректері неге әлі күнге дейін қағаз дәптерге жазылатыны түсініксіз".Бибігүл Жексенбай

Сонымен қатар депутат кейбір әлеуметтік-экономикалық топтардың вакцинациямен қамтылу деңгейінің төмендігіне тоқталып, вакцинация деңгейі туралы берілген есептердің дұрыстығына күмән келтірді. Үкіметтің бұл мәселені шешуге жылдар бойы салғырт қарағанына ашуланған сенатор жағдайды реттеуге бағытталған бірқатар ұсынысын айтты.

"Біріншіден, жағдайды жақсарту үшін вакцинацияның маңызы мен қауіпсіздігі туралы ата-аналар арасында ақпараттық жұмысты күшейту қажет. Екіншіден, еліміздің барлық аймағында сапалы вакциналар мен медицина қызметтеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы мобильді медицина бригадаларын ұйымдастыру қажет. Үшіншіден, сапасы мен жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрілердің, вакциналардың жойылуын қадағалауды күшейту керек".Бибігүл Жексенбай

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) әлемдегі қызылша індеті туралы мәліметтерді жариялады. Қазақстан дертке шалдыққандар саны бойынша алғашқы үштікке енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: