Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор Астанадағы су тапшылығына үйлердің тығыз салынуы себеп болып отырғанын айтты

Сенатор Астанадағы су тапшылығына үйлердің тығыз салынуы себеп болып отырғанын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 15:46 Сурет: pixabay
Депутат Бибігүл Жексенбай сенат отырысында Астанадағы су мәселесіне тоқталып, алдағы уақытта елімізде су тапшылығы мәселесі бірінші орынға шығатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында мына ұсыныстарды атады:

  • Ертістің суын «Қаныш Сәтбаев» каналы арқылы елордаға бұру бойынша жобадан басқа да баламалы бағыттарды да қарастыру;
  • Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқыққа негізделген трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа модельдерін ойластыру;
  • Су тапшылығы проблемасы бар елдерде сәтті қолданылып жатқан суды үнемдеуге септігін тигізетін заманауи, ұтымды инновациялық технологияларды барынша тарту;
  • Халық арасында суды үнемдеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту;
  • Су шаруашылығы саласындағы кәсіби мамандардың, су шаруашылығы инженерлерінің, суды тазартудың, суды қамтамасыз етудің, су шаруашылығы құрылыстарының заманауи технологиясын игерген мамандарды даярлау.

Бибігүл Жексенбайдың сөзінше, болашақта елімізде су тапшылығы мәселесі бірінші орынға шығады. Дүниежүзілік зерттеулердегі болжамдарға сүйенсек, 2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта Астанада судың тапшылығы – тәулігіне 30 мың текше метр.

Депутат Астанадағы су тапшылығына негізінен үйлердің тығыз әрі көп салынуы себеп болып отыр деді.

"Дегенмен Астанадағы су тапшылығына әсер етіп отырған негізгі фактор - құрылыстың қарқын алып, әсіресе, Есіл өзенінің сол жағалауында көпқабатты үйдің тығыз салынуы. Сондықтан алдағы уақытта қалада салынып жатқан көпқабатты үйлердің бәріне тексеріс жүргізіліп, қаншама мөлшерде су жұмсалып жатқанын есептеу қажет. Аспанмен тірескен көпқабатты тұрғын үйлерді салардан бұрын сумен қамтамасыз ету есебі алдын ала жасалғаны абзал. Ескі үйлердің арасына тығыздап үйлер салу үрдіске айналып, кесірінен қалыптасқан су жеткізу жүйесін өзгертіп қана қоймай, апатты жағдайларды да туғызуы мүмкін", - деді ол.

Қазақстан негізінен Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келетін суды пайдаланады.


"Ал 4 млн-нан аса қазақстандықты сумен қамтамасыз етіп отырған Ертіс өзенінің суы өндіріс пен кәсіпорындардың салынуынан заңды тұлғалардың, шаруа қожалықтарының, кооперативтердің суды көп көлемде пайдалануынан, үнемдемеуінен, сонымен қатар экологиялық жағдайларға байланысты азайып отыр. Соның салдарынан Астана қаласында сумен қамтамасыз етеді деп жоспарланып отырған «Ертіс-Қарағанды» каналының су мөлшері де келешекте айтарлықтай төмендеуі мүмкін", - деп сауал жолдады депутат.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: