Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрі Астанадағы су мәселесі туралы айтты

Экология министрі Астанадағы су мәселесі туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 10:50 Сурет: Zakon.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова үкімет отырысында Астананы сумен қамту мәселесі маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су кодексіне сәйкес, министрлік елді мекендердің шекараларына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып саналады.

"Қазір республика бойынша ұзындығы 15,5 мың км 80 топтық су құбыры бар. Оның ішінде республикалық меншікте ұзындығы 13,4 мың км 39 топтық су құбыры бар. Олар 1,4 млн.адамы бар 655 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етеді", - деді Зүлфия Сүлейменова.

Сонымен қатар министр Астана қаласын сумен қамтамасыз ету маңызды мәселе екенін атап өтіп, биыл елордаға тұрақты су беру үшін министрлік әкімдікпен бірлесіп, 3 жобаны қарастырып жатқанын айтты. Олар:

1. «Астана су қоймасын толықтыру үшін құрылыстар салу» ол бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына өткізу бейінін тазартумен және қалыптастырумен, сондай-ақ одан Астана Су Арнасы сорғы станциясының алаңына дейін тіреуіш қоршау құрылысын және су құбырын сала отырып, арнаға су беруді қамтиды. Құрылыстың болжамды мерзімі 2023-2025 жылдар. Бұл жобаны іске асыру су аз жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы арнадан Астана су қоймасына шамамен 62,3 млн. м3 қосымша су беруге мүмкіндік береді.

2. Астана қаласын сумен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде 67 км су құбырын салумен Нұра жер асты сулары кен орнын пайдалану, ол бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзету қажет, мерзімнің өтуіне байланысты кейіннен ЖСҚ әзірлей отырып бұл бағыттағы жұмысты Астана қаласының әкімдігі жүргізетін болады. Сараптаманың оң қорытындысы ұсынылған жағдайда, Министрлік жобаны одан әрі іске асыратын болады.

3. Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Астана қаласының ҰФС-4-ке дейін су құбырын салу, бұл жоба елорданы одан әрі ұзақ мерзімді даму перспективасы мен халық санының ұлғаюын ескере отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


"Осылайша, елорданы сумен қамтамасыз ету үшін қажет шаралардың қысқа мерзімді кешені резервтік жерасты көзін жүргізуді, Есіл өзенінің арнасы бойынша жүру бейінін қалыптастыруды және Қ. Сәтбаев атындағы арнадан су құбырын салуды қамтиды. Сонымен қатар биыл су мөлшерінің аздығы мен одан кейінгі су тапшылығын ескере отырып, Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзені бойынша шамамен 60 млн.м3, Нұра өзені бойынша шамамен 95 млн.м3 қосымша су беру туралы бірлескен шешім қабылданды. Сонымен қатар Астана су қоймасының түбін шамамен 47 млн.м3 көлемінде түптік шөгінділерден тазартуды жүзеге асыру қажет. Қазір Астана су қоймасын толтыру жобалық 410 млн. м3-ден 334 млн. м3 құрайды". Экология және табиғи ресурстар министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: