Экс-депутат Экология вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Аймақтық және жаһандық қауіпсіздік департаментінің ғылыми қызметкері болып бастады.
2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.
2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
14 наурызда ол Мәжіліс депутаты өкілеттігінен мерзімінен бұрын босатылды.
Мәжіліс отырысында экс-депутат әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.
Құрметті әріптестер, заң шығару процесінде жұмыс істеу үлкен мәртебе болды. Бұл, әрине, үлкен жауапкершілік еді. Мен өз міндеттерімді адал атқаруға тырыстым, сіздерден көп нәрсені үйрендім. Болашақта еліміздің игілігі мен дамуы үшін бірлескен қадамдарды жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Зульфия Сүлейменова