Жанат Самат «Жасыл Даму» басшысы болып тағайындалды
Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингі бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Осы жылдар ішінде облыстық Салық комитетінде келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.
2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» (Байқоңыр)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.
Еске салайық, «Жасыл Даму» АҚ Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор ретінде анықталған.