Серікәли Мұқатаев Экология вице-министрі болып тағайындалды

Серікәли Мұқатаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 18:49 Сурет: gov.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

  • 1997-2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеді.

  • 2000-2003 жылдары – Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы.

  • 2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды.

  • 2005-2010 жылдары – Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

  • 2010-2020 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды.

  • 2020 жылғы наурыз-сәуірде – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

  • 2020 жылғы сәуір-шілде аралығында – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы директорының орынбасары.

  • 2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: