Астанада қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды ауруханаға жатқызудан бас тартылған

Аурухана, Астана, қызылша, екпе, балалар, прокуратура , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 20:29 Сурет: Zakon.kz
Астанада прокуратураның араласуынан кейін бас санитарлық дәрігердің қызылшаға шалдыққан балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу туралы қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы №ПГСВ-1 "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" қаулысы сәйкестендірілді.

"Қаулының бұрынғы редакциясында (1.12-тармақ) балаларды стационарларға жоспарлы түрде жатқызу тек қызылшаға қарсы вакцина алған жағдайда ғана көзделген. Алайда қаулы ережелерінде вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімдері бар балалар үшін ешқандай ерекшеліктер қарастырылмаған. Бұл "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 76-бабында көзделген кәмелетке толмағандардың медициналық көмекке тең қол жеткізу құқықтарын шектеген. Прокуратураның араласуынан кейін қаулы сәйкестендіріліп, вакцинацияға тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды стационарларға жатқызуға мүмкіндік берілді".  Астана қаласының прокуратурасы

Бұған дейін БҚО-да қызылша өршіп тұрғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: