Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖД мәліметінше, 28 желтоқсанда сағат 12:11-де Алатау ауданындағы Шаңырақ-2 ықшам ауданында өрт болды. Жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша баспана отқа оранды. Жалын жақын маңдағы құрылыс нысандарына ұласуы мүмкін еді. Өрт 26 минут ішінде сөндіріліп, 12:37-де толықтай оқшауланды.
Бақытымызға қарай, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңда тұратын ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ұлан Мұхамадиев, сондай-ақ курьер Арман Атзәкір саман қабырғаны ломмен тесіп, қамаулы қалған 2010 жылғы баланы құтқарды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
"Қақпа алдынан өртті көрдім. Телефон ұстаған бір бала қасымнан жүгіріп өтіп бара жатты, ол досының өртенген үйде екенін айтты. Үй иесі қолыма лом берді. Түтін будақтап жатты. Жарақат алмас үшін баладан ары таман баруын, жерге жатуын өтіндім, содан кейін уақытша баспананың қабырғаны тесіп, оны сыртқа алып шықтым", – деді Ұлан Мұхамадиев.
Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Белгілі болғандай, екі бөлмелі орынша баспанада ағайынды екі бала болған, ересектеуі өртенген үйден жүгіріп шыққанда кішісі іште қалып кеткенін білмеген. Анасы жұмыста болған.
Ұлан Мұхамадиевтің ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушысы болып жұмыс істегеніне үш жылға жуық уақыт болған. Ол әртүрлі ТЖ зардаптарын жоюға қатысқан. Ер адам төрт бала тәрбиелеп отырған өнегелі әке.