Атыраулық полицейлер мұз ойығына түсіп кеткен жасөспірімді құтқарды

Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылған жерінен суға түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен.

Хабарлама бойынша Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы дереу оқиға орнына жеткен. Полицейлер мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел екенін дауысынан айырған. Құтқаруға бірден кіріскен.

Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеген. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрген. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрған.

Полицейлердің қырағылығы мен ептілігі арқасында жасөспірім жағаға шығарылып, жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.


"Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады. Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды