Ақмола облысында жабылған жолдарда қалғандар пойызбен тасымалданады

Сурет: rail-news.kz
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқа жолмен жүре алмаған азаматтарды пойызбен тасымалдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Қарағандыдан елордаға №43 Алматы – Қостанай, №53 Достық – Астана, №121 Семей – Астана және №45 Түркістан – Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарымен қатынауға болады.

"Сонымен қатар жолаушылар Ерейментаудан елордаға қатынайтын №7501 Павлодар – Астана қала маңындағы электр пойызына мінгізілді. Барлық жолаушыға қажет көмек беріледі. Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойыздары күрделі ауа райы жағдайында азаматтарға тұрақты түрде көмек көрсетеді.""Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Сонымен қатар компания қазақстандықтардан қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ауа райының қолайсыз жағдайында сапарға шықпауды сұрады.

Бұған дейін қазақстандық синоптиктер 2024 жылдың 9-11 қаңтары аралығында республиканың 3 ірі қаласына: Астана, Алматы және Шымкентке арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды