Халықаралық іздеуде жүрген гастролер-ұры Қарағанды облысынан ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында полиция халықаралық іздеуде жүрген гастролер-ұрыны ұстады.

19 қаңтар Қарағанды және Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы күдікті ұсталды.

Ұсталған азамат Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу әрекеттері барысында азамат Қарағанды қаласында жасаған үш қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді

"Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді