Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші ханым анықталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте "Қорғау" қосымшасы арқылы 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші ханым анықталды

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алды.

Ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы берді.

Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталды.

Патрульдік полицейлер көлікті Темірлан тасжолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізуші әйелге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертілді.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін