"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері 58 адамды аяздан аман алып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Қостанай облысында бірнеше күннен бері тұрақсыз ауа райы сақталуда. -40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр.

Өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескермеген көліктердің жанармайлары қатып, аккумуляторлары отырып қалған жағдайлар көп.

Республикалық маңыздағы М-36 "Екатеринбург-Алматы" күре жолындағы пайдалану учаскесінің қызметкерлері бүгін жолаушылар автобусын қаһарлы аяздан құтқарып қалды.


"Өзбекстаннан Ресейге бағыт алып, жолда тоқтап қалған автобустың ішінде 58 азамат болған. Жолшылар тез арада автобусқа жаңа аккумулятор жеткізіп, жылытып, оларға сапарларын жалғастыруға көмектесті. Абырой болғанда, медициналық көмекті қажет еткен, зардап шеккен адамдар жоқ", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы