"Еңкілдеп жылап тұр". Семейде көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқару сәтінің видеосы жарияланды

Сурет: ҚР ТЖМ
3 наурызда 112 шұғыл байланыс желісіне көпірден секіргісі келіп тұрған 17 жасар жасөспірімнен қоңырау келіп түсті. Бұл оқиға қаланың барлық шұғыл қызметі: полицейлерді, азаматтық қорғаныс және жедел жәрдем қызметкерлерін біріктірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құтқару қызметінің операторы баламен келіссөздер жүргізіп жатқанда, аталған жерге патрульдік полиция батальонының экипаж қызметкерлері Дамир Ахметқалиев пен Раймбек Есенғалиев келді. Үш минут ішінде полицейлер оқиға орнында жетті", деп хабарлайды полициядағылар.

Полицейлердің бірі - Райымбек ақырын жақындап келіп, көпірден төменге қарап жылап тұрған баланың қолынан шап беріп ұстап алды. 

"Қалайсың? Не болды? Кеттік, кеттік, кеттік, бәрі жақсы болады. Сен мықты жігітсің", - деді полиция қызметкері баланы серіктесіне тапсырып жатып.

Осы уақытта жедел жәрдем қызметкерлері де оқиға орнына келіп жетті.

Қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады