Астанада жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz
Астанада Lexus жүргізушісі жол жиегін тазалап жүрген жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен. Елорда полициясы 2026 жылғы 17 қарашада жүргізушіге қандай шара қолданылғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жұмысшылар жол жиегіндегі бордюрдің маңын тазалап жатқан кезде болған.
"Бағдаршам белгісі жыпылықтап тұрғанына қарамастан, жүргізуші жылдамдығын азайтпаған және жұмысшылардың жанынан қауіпсіз өтуге әрекет жасамаған. Салдарынан көлік шалшықтағы суды шашыратып, тазалық жүргізіп жүрген адамдарды бастан-аяқ су қылған. Мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Олар қала инфрақұрылымын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарын адал атқарып жүрген. Өзгенің еңбегін құрметтеп, айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау – әр жүргізушінің міндеті", – деп мәлімдеді полиция.
Полицейлер көлікті басқарған 32 жастағы ер адамды тауып, ұстаған.
"Жүргізуші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Астанада 23 жастағы жүргізушінің Hyundai көлігі айып тұрағына жеткізілген еді. Ол оң жақ жолақтан сол жақ жолаққа ауысқанда маневр жасау ережелерін бұзып, өзге жүргізушілерге кедергі келтірген және апатты жағдай туғызған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript