Астанада вокзалдағы сауда орындарының бірінде долы әйел тауарларды шашып, айналаны әбден лаңдады
Сурет: Zakon.kz
Астанада "Нұрлы Жол" теміржол вокзалындағы сауда орындарының бірінде әйел адам тауарларды шашып, айналаны әбден лаңдады. Оқыс оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан әйелдің тамақтану орындарының бірінің сөресінде тұрған тауарларды лақтырып, қалай болса, солай жан-жаққа шашқанын көруге болады. Ашуға булыққан әйелді бір ер адам тоқтатуға тырысады, бірақ ол оны итеріп жіберіп, айналадағыларға ұрса бастайды. Ашулы әйел мекеме қызметкерлеріне де дүрсе қоя беріп, ақырында өзге әйелмен бірге қолтықтасып кете барады.
Көліктегі полиция департаменті Zakon.kz сайтына долы әйелдің жеке басы анықталғанын нақтылады.
"Аталған факті бойынша тексеру амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта әйелдің жеке басы анықталды, оның іс-әрекетіне алда құқықтық баға берілетін болады", - деді ведомстводан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript