Оралда кәріз коллекторларын қызыл су басып, қала жұрты сусыз қалды

Сурет: pixabay
"Батыс су арнасы" ЖШС кәріз коллекторларына қызыл судың (еріген қар суы) көптеп жиналуына байланысты кәріз сорғы станцияларын су басқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Уральск город" басылымы кәріз сорғы станцияларының апатты жағдайда тоқтауын және оған жапсарлас орналасқан ғимараттар мен аумақты су алуын болдырмау мақсатында 2024 жылы 26 наурызда сағат 13:00-ден 18:00-ге дейін және 23:00-ден 5:00-ге дейін қала бойынша су құбыры желілерінде қысымның төмендейтінін, ал қаланың жекелеген аудандарында су беру толық тоқтайтынын жазды. 

Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері Орал тұрғындарынан кәрізді дұрыс пайдалануға ерекше назар аударуды сұрайды, өйткені кейбір тұтынушылардың немқұрайлылығы салдарынан қаланың суағарларынан қар суын айдайтын кәріз сорғы станцияларының апаттық жағдайда сөнуі жиілеп кеткен.

Бұған дейін 27 наурызда еліміздің бес облысында дауыл туралы ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

"Басынан атқан". Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін өлтірген ер адам сотталды