Ақтөбеде жүрген Димаш Құдайберген: Ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін...

Әлемге танымал әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген 10 сәуірде Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Бауырлар, шын жүректен рақмет айтамын. Алла Тағаланың елімізге жіберіп тұрған осы сынағы - қиын күндерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді көрсете біліп жатырмыз. Еңбек етіп жүре берейік. Болашағымыз жарқын болсын, ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін, бұдан кейін тек қана жақсы күндер келсін басымызға", - деді Димаш Құдайберген.


Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Димаш Құдайберген туған жері - Ақтөбеде болып, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.

Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: