СҚО-ға су тасқынымен күресу үшін тағы 700 әскери қызметкер жіберілді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
14 сәуірде ҚР Қарулы Күштерінің "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ибраев Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін 700-ге жуық әскери қызметші жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі күш бөгеттерді нығайтып, топырақ төгу, құм салынған қаптарды дайындау, ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп халықты эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған.

"Қорғаныс министрлігінен 700 адамнан және 33 техникадан тұратын жеке құрамның күштері мен құралдары оқиға орнына жіберілді. Сондай-ақ, су басқан елдімекендер мен үйлерді күзету бойынша іс-шараларды орындаймыз. Сонымен қатар, Петропавл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тыл техникасы бөлінді", - деді полковник республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Қарулы күштерінен 2 262 әскери қызметші, 137 бірлік автомобиль техникасы, төрт армиялық авиация тікұшағы, бір әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.

Армиялық авиация елді мекендерден 113 адамды эвакуациялады. 40 адам және 11 тонна жүк тасымалданды.

Айта кетсек, 14 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов еліміздің су басқан өңірлеріндегі электр желілерінің жай-күйі туралы баяндады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды