Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі Петропавл мен өзге өңірлердегі электр желілерінің жай-күйі туралы баяндады

Шыңғыс Ілиясов, Энергетика министрлігі, су тасқыны, электр желілерінің жай-күйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2024 13:35 Сурет: Telegram/ortcom_kz
14 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов еліміздің су басқан өңірлеріндегі электр желілерінің жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен ол Петропавл қаласындағы сумен қамтамасыз ететін су қабылдағыштағы апаттың қалай жойылғанын сөз етті.

"Қаланы сумен қамтамасыз ететін су қабылдағышты электрмен жабдықтауға қатысты. "Қызылжар Су" ЖШС су тартудың бір көтергішін электрмен жабдықтау төрт желіден жүзеге асырылады. Есіл өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі және 11, 12 сәуірде мұздың көтеріліп, сең жүруі салдарынан барлық төрт қуаты зақымдалды. Трансформатор мен дизель генераторын жеткізу ұйымдастырылды, бірақ сорғының су басуына байланысты қазір Пестрое көлінде жаңасы орнатылуда. Электр бөлігі орнатылып, кернеу берілді. Механикалық бөлікті бүгін шамамен 16-00-де аяқтау жоспарлануда".

Петропавлды электрмен жабдықтау мәселесі қатысты ол қазіргі уақытта қала бойынша енгізілген электр энергиясы шектеуі толық көлемде алынып тасталғанын нақтылады. 

"Сағат 9.20 шамасында "СевКаз АЭК" АҚ электр желілерінде мұздың аралық тірекке зақым келгені байқалды. Сағат 14.38-де электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер толық көлемде алынып тасталды, 20.45-те қаланы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді".
  • Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 1 мыңға дейін қысқарды.
  • Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103 абонентке дейін.
  • Батыс Қазақстан облысында абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге қысқарды.

Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик мамандары, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар.

Алдағы кезеңде кернеулердің әртүрлі кластарындағы электр беру желілерінің 1 867 тірегін қалпына келтіру қажет. Салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар.

Айта кетсек, бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавлда ауызсу беріле бастағанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: