Алматы БҚО-дағы су тасқынына қарсы күреске қай жағынан ат салысып жатыр

Қажетті арнайы техникамен жарақтанған Алматыдан келген мамандар бір аптадан астам уақыт бойы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны болып жатқан жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігіне бекітілген Бәйтерек ауданының 11 ауылынан басқа (Январцево, Красноармейский, Спартак, Рубежный, Озерный, Дарьинск, Володарское, Байқоңыс, Ақсуат, Көшім, Янайкино) ,сондай-ақ Жайық елдімекені де сеніп тапсырылды.

Қазір ауданда Алматы әкімдігі ұсынған 243 техника жұмылдырылған, 76 200 шаршы метр арнайы су өткізбейтін материал (геотекстиль) бар.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жедел штаб қызметі басталғалы су тасқыны қаупі жоғары 6 кентте барлығы 23,5 шақырым бөгет салынды, су шайып кету қаупі бар аумақтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кей жерде Алматыдан келген мамандар жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың бөгет салу кезінде жіберген технологиялық қателіктерін түзетті.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі


Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, техника Орал қаласының маңында орналасқан Жайық елдімекеніне жіберілді. Бұл ауылда бұрын өздерінің күшімен ұзындығы 1,7 км, биіктігі 1-ден 1,5 м-ге дейінгі топырақтан бөгет тұрғызылған. Ауылды қорғауды күшейту үшін ұзындығы 3 км-ге дейін, биіктігі 2 м-ге дейін, ені 7 м-ге дейін, геотекстильді қолдана отырып, доғалы пішінді екінші топырақтан бөгет салу туралы шешім қабылданды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кететін нәрсе, жедел жағдайға байланысты арнайы техника басқа ауылдарға да жіберіледі.

Алматылық мамандардан құрылған жедел штаб өз жұмысын Батыс Қазақстан облысындағы жағдай қалыпқа келгенше жалғастырады.

Орал Алматы қаласының әкімдігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: