Алматы облысында баланы атып кеткен

Сурет: Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Алматы облысында дәрігерлер жараланған баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 16 сәуірде облыстық балалар клиникалық ауруханасына 2011 жылы туған, кеуде қуысындағы оқ жарақатымен науқас жеткізілген.

"Тексеру кезінде оң жағындағы кеуде аймағында оқ болған. Атыс болған кезде үйдің жанындағы көл жағасында ойнаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Науқас қабылдау бөлімінен шұғыл түрде операциялық бөлімге ауыстырылған.

"Операция жасалды: торакоскопия, ревизия, кеуде қуысын санитарлық тазарту, бөтен денені алып тастау(оқ), дренаж. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Редакция түсініктеме алу үшін аймақ полициясына жүгінді.

Айта кетейік, Алматы облысының Көксай кентінде әскери міндеттерін орындап келген сарбаздарды ерекше күтіп алмақ болып, достары атыс ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінді