Қазақстанның әскери мектептерінде балалар қауіп-қатер арасында оқуда

Сурет: Zakon.kz
Бас әскери прокуратура Алматы, Қарағанды және Шымкенттегі "Жас Ұлан" әскери орта білім беру мекемелеріне тексеру жүргізді. Нәтижелер көңіл көншітпеді: бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 15 мамырдағы мәліметі бойынша, онда 908 кәмелетке толмаған тыңдаушылар оқиды.

Мамандардың айтуынша, балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүргізуші куәлігінің тиісті санаты жоқ адам жүзеге асырған.

Бұдан өзге мектептерде жарақтандыру тиісті нормаларға сәйкес келмейді (жиһаз, кереуеттер, тұғырлар, парталар, орындықтар), мектептерде спорттық құрал-саймандар (төсеніштер, спорттық тренажерлер, футбол, волейбол доптары) жоқ.

"Мектеп ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді, онда тыңдаушыларды оқыту барысында олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді". Бас әскери прокуратура баспасөз қызметі

Көрсетілген барлық фактілер бойынша Қорғаныс министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.

"Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мектептерді жөндеуге қаражат бөлінді, заң бұзушылықтарды жою жоспары әзірленді, 14 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- делінген хабарламада. 

Айта кетейік, әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды