Соттың хабарлауынша, Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің бірінші орынбасары С.-ға істі қысқарту үшін аса ірі мөлшерде 200 мың АҚШ долларынан аса көлемінде пара беруге оқталған.
Сурет: Zakon.kz / Карина Адильбекова
"Жаза тағайындау барысында сот сотталушы И.-ның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында жасөспірім балаларының болуын таныды, ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталмады. Сот М.П.Исаховты аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп тауып, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігін, 56-бабының 3-бөлігін қолдана отырып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентіне мемлекеттік награда "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді",- делінген ведомство хабарламасында.
Исаховтың қорғаушылары үкімге түсініктеме беруден бас тартты және оның бетін түсіруге тыйым салды.