Құлсарылықтар әкімдік алаңын босатты

Сурет: Жылыой әкімдігінің баспасөз қызметі
Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары аудан әкімдігінің алаңына жиналған болатын. 22 мамырда Жылыой ауданының әкімдігі бейбіт жиналысқа қатысушылар алаңды босатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді.

"Алда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр. Қала алаңы қалыпты өмірге оралды, бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеуде",- делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қалада зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау нәтижелерімен таныстыру бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғасуда екенін атап өтті. Құлсарылықтарға № 20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік қолдау көрсетілуде.

Бұған дейін қарғын судың нәтижесінде малдарынан айырылған Құлсары тұрғындарына өтемақы 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін төленетіні хабарланды. 

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды