Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін болады

Еңбек министрлігі Әлеуметтік көмек көрсетудің Үлгілік қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті атқарушы органдар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсететін әлеуметтік көмекті тағайындау және алу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкімет" порталы арқылы ұйымдастырылатын болады.

Осыған сәйкес ережелердің тұжырымдамалық аппараты кеңейеді. Бірқатар жаңа терминдер қосылады:

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) тұлғаның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе портал арқылы өтініш береді.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді, өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама беру арқылы автоматты режимде жіберіледі. Sms-хабарламалар sms-хабарламалардың электрондық журналында тіркеледі.

Өтініш беруші қашықтықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік көмек көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алады.

Түзетулермен әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер тізбесі кеңейтіледі:

Әлеуметтік көмекті төлеуді Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына аудару жолымен жүргізеді.

Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, әлеуметтік көмек алушыға қатысты әлеуметтік көмек көрсету негіздерінен айыру анықталған жағдайда әлеуметтік көмек тоқтатылады.

Бұл ретте әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.

Ережеге әлеуметтік көмек төлеу тәртібі реттелетін жаңа тарау қосылады.

Атаулы күндер мен мереке күндері әлеуметтік көмек төлемін алушылар санатын қалыптастыру үшін уәкілетті орган "Е-Собес" ААЖ-да "ОДҚ" ААЖ-дан зейнетақы мен жәрдемақы (белсенді) алушылары туралы ақпаратқа сұраныс жасайды.

"ОДҚ" ААЖ "Е-Собес" ААЖ-ның сұрау салуына сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін зейнетақы мен жәрдемақы (белсенді) алушылар туралы ақпаратты қалыптастырып, "Е-Собес" ААЖ-ға мынадай форматта жібереді:

ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, бөлімше коды, төлеу коды, жынысы, тіркелген мекен жайы, банк деректемелері, телефон нөмірі (бар болса), қамқоршының деректері (жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін).

Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру процесіне әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімге қол қою кезінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-Собес" ААЖ-да бастама жасайды.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның бөлім басшысы әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімге қол қойғаннан кейін, төлемге қою үшін шешімдегі деректер автоматты түрде "ОДҚ" ААЖ-ға жіберіледі.

Деректер жіберілгеннен кейін "Е-Собес" ААЖ-да "ОДҚ-ға жіберілді" мәртебесіне автоматты түрде ауысады.

Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады:

Қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмекті төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін келіп түскен өтінімдер бойынша, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-не дейін аударады.

Әлеуметтік көмек сомалары екінші деңгейдегі банктерден қайтарылған кезде Мемлекеттік корпорация қайтарылған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы мәліметтерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Мемлекеттік корпорация ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей:

Берілетін дербес деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дәйектілігін, сондай-ақ қорғалуын ақпарат беретін АЖ тарапы (сервис иесі) қамтамасыз етеді.

ЕРДО ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігі мен өзгермейтіндігін қалыптастыруды және форматтық-логикалық бақылау орнатудың уақтылығын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алуды растауды қамтамасыз етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау" мемлекеттік сервисі арқылы.

Өз кезегінде мемлекеттік корпорация өмірлік қиын жағдай басталғанда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне алушылар санатын қалыптастыру үшін қажетті зейнетақы мен барлық жәрдемақы түрлерінің төлем кодтарының дұрыс таңдалуына жауапкершілікте болады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіп пен мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жоба 2024 жылғы 11 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: