Еліміздің үш өңірінде шегірткелермен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Ауылшаруашылығы министрлігі (АШМ) шегірткелердің жаппай бой көтеруіне байланысты қабылданған шаралардан хабардар етті. Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 10 маусымында зиянкестерге қарсы жоспарланған 2,5 млн гектар алқаптың 800 мың гектардан астамы өңделді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар өңдеу шаралары зиянкестердің дамуының белгілі бір кезеңінде тиімді болғандықтан, жәндіктерді жою үшін шегіртке дернәсілдері толығымен шыққанша күту керек, бұл әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақытта кездесетінін нақтылайды.

Түркістан облысы бойынша: 270 мың гектар алқапта жүргізілген өңдеуден басқа, облыста 50 мың гектардан астам аумақта шегірткенің жаңа таралу аймақтары анықталды. 

Қосымша өңдеу жұмыстары Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарында жүргізілуде.

"73 бірлік жерүсті техникасы, 4 ұшақ тартылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті техника көкөніс-бақша дақылдарын егуге шоғырланған. Бүгінгі таңда егістіктің зақымдануына жол берілмеген. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша өңірге қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен АӨК МИК төрағасы Дархан Әбдікәрімов жіберілді". АШМ баспасөз қызметі

Қостанай облысы бойынша: бес ауданда 51 мың гектардан астам алаңда химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткенің көбею орнын зерттеу және анықтау үшін 130 зерттеуші және 326 уақытша қызметкер тартылды. 72 бірлік техника дайын.

Торғай ауданындағы шегіртке ошағы жоспарға сәйкес өңделіп, жәндіктер жойылды.

Ақтөбе облысы бойынша: Әйтеке би өңірінде шегірткелердің көбеюі басталды. Өңдеу жабдықтары дайын. Облыстың 12 ауданында 74 бірлік техника қолданылып, 315 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шегірткелердің көбею аймағын зерттеуге және анықтауға 600 жуық адам тартылды.


"Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі қорғаныс шараларын уақтылы ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда", делінген хабарламада.
Ақтөбе Қостанай Түркістан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: