Шымкент әкімдігі маңызды үндеу жасады

Сурет:gov.kz
2024 жылғы 11 маусымда Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына жүгінді. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде және WhatsApp-та әкімнің, оның орынбасарлары мен басқарма басшыларының атынан ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратылып жатқан хабарламалар "жалған ақпарат" екенін атап өтті.

"Ақпаратты интернет-алаяқтар жіберуде. Өтініш жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеңіздер, қаражат аудармаңыздар, сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз". Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған қоса, қала басшысы мен оның орынбасарлары, басқарма басшылары барлық хабарламаларды тек жеке телефондар мен ресми аккаунттардан жіберетіні айтылған.

"Егер сіз қоңырау немесе фотосурет хабарын алсаңыз, бірақ ол жасырын нөмірден болса, елемеуіңізді сұраймыз. Сізді мұқият болуға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Түсінгеніңіз үшін рахмет!" Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін, 10 маусымда Шымкент қаласының Абай ауданында жеке көз клиникаларының бірінің 4-ші қабатының төбесі жанып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды