Алматы қаласында қоқыс жәшіктерінің жоқтығы туралы шағымға аудан әкімдігі жауап берді

Сурет: Zakon.kz
11 маусымда Алматы тұрғыны Әсел Инербаева Бостандық ауданында қоқыс жәшіктерінің жоқтығына наразылығын білдірді. Әкімдік дереу кері байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын өзінің шағымын Бостандық ауданының аулаларын абаттандыру бойынша Telegram-чатқа қалдырды. Оның айтуынша, Алматы қаласының 19 округінің аумағында қоқыс жәшіктері мүлдем жоқ.

"Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейін урна мүлдем жоқ. Сондай-ақ, Сәтбаев көшесіндегі жолдың жоғарғы және төменгі бөлігінде де бірде-бір қоқыс жәшігі жоқ",-дейді Telegram-чатта.

Сондай-ақ, ол Егізбаев көшесінде, Розыбакиевпен, Абай даңғылынан Әл-Фараби көшесіне дейін де қоқыс жәшіктерінің жоқтығын атап өтті.

Осы өтініштен кейін 13 минуттан өткен соң, чат әкімшілігі урналарды орнатуды тиісті жоспарға енгізетінін хабарлады. Міне, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың мысалы.

Маусым айының басында Алматы кафелерінің бірінің әкімшілігіне полиция қызметкерлері жақын маңдағы өзенге қоқыс жәшігін жуғаны үшін айыппұл салды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін