Алматы облысының орталығында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртенді

Өрт, Алматы облысы, Қонаев, сегіз пәтерлі, тұрғын үй , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 21:27 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 28 қыркүйекте Қонаев қаласында сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына келген құтқарушылар өрттің жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, құтқарушылардың іс-қимылдары үйлестіріліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

ТЖМ бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің 180 шаршы метр шатырын және 30 шаршы метр гаражды өрт шарпып үлгерген.

Өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: