Алматыда жолдан шығып кеткен жүк көлігі балаларды таптай жаздады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Оспанов көшесі маыңнда болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүк тиеген Shacman көлігі солтүстік бағыттан келе жатқан. 

Сурет: Zakon.kz

Тура бұрылысқа келген сәтті, әлі белгісіз себептерге байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.  Жүк көлігі жолдан шығып, қақпаны бұзып, контейнер мен газ құбырының тірегіне соғылған. 

Сурет: Zakon.kz

Контейнердің артында ойнап жүрген балалар, абырой болғанда, зардап шеккен жоқ. Көлік сол жаққа ұшып, бірақ балаларға жетпей тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті, ол кабинада қысылып қалған.

Сурет: Zakon.kz

Құтқарушылар ер адамды шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. 

Сурет: Zakon.kz

Полиция қызметкерлері апаттың себебін анықтауда. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді