Қазақстанның екі облысында "апатты режим" жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның батысында электр энергиясының тапшылығына байланысты жарық жаппай өшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 шілде күні сағат 09:52 шамасында "KEGOC" АҚ жүйелік операторына Батыс өңірінде "апатты режим" жарияланғаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 11:05 шамасында апаттың алдын алуға байланысты автомат іске қосылып, 110/35 кВ бірқатар желілер ажыратылған болатын. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр", делінген Атырау қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Атырау энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес "Атырау Жарық" АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді. Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды.

Сағат 15:33 шамасында жарықсыз қалған барлық аймақтар толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілді.

Дегенмен "Атырау Жарық" АҚ-тың Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, ертең, 10 шілдеде электр желісіндегі апаттық жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында бірқатар мекен-жайларда электр жарығы өшіріледі:

Каспий ы/ау, Студенческий даңғылы, Пушкин, Нажмеденов, Сәтпаев көшелері, 8,10,12 үй, Абая көшесі

Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы