Атырауда жанжал соңы 17 жасар жасөспірімнің өлімімен аяқталды

Сурет: pexels
Атырау облысының Махамбет ауданында жанжал соңы өліммен аяқталды. Жасөспірім 18 жастағы жігіттің қатты соққысынан кейін құлап, орнынан қайта тұрмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт – Сарытоғай ауылының тұрғыны және биыл ғана мектепті бітірген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жігіт белсенді және өте мейірімді болған. Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. 17 жастағы жігіттің өліміне 2005 жылы туған жас жігіт күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

"17 жасар жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша 2005 жылы туған күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, 27 маусым күні таңертең Қонаевта атыс болғаны белгілі болды. Салдарынан 21 жастағы жас жігіт көз жұмды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Тергеу жүргізілуде.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін