Қонаев қаласындағы атыс: Ішкі істер министрлігі мәліметтерді жариялады
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 27 маусымда Сенат отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қонаевтағы атыс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды.
"Қонаев қаласында оқ жарақатымен екі адам ауруханаға түсті. Өкінішке орай, біреуі көз жұмды. Осы факті бойынша іс қозғалып, қақтығысқа қатысушылардың барлығын ұстау шаралары жүргізілуде. – деді вице-министр.
Ол қақтығысқа не себеп болғанын айтпады.
27 маусым күні таңертең Қонаевта атыс болғаны белгілі болды. Салдарынан 21 жастағы жас жігіт көз жұмды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript