Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет екенін айтты

Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 14:47 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сенат отырысында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа қашан берілетінін айтты, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жақын арада аяқталуға тиіс. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді.

"Сараптама аяқталған соң (іс. – Редакцияның ескертпесі) сотқа жолданады. Барлығы дайын деп айта алмаймын. Барлығы біткен соң, әуелі материалдарды сотқа тапсыру керек. Екі тарапты қарау керек. Бұған уақыт қажет", - деді Марат Қожаев.

2023 жылдың 30 қарашасында мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

4 желтоқсан күні ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты материал БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: