Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға қайтарылды

Сурет: pexels
Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы 2024 жылғы 15 шілдеде Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған.

"2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды.Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды",- делінген ведомство ақпаратында.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, 11 шілдеде Грузиядан зорлау әрекеті үшін сотталған қазақстандық экстрадицияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді