Атырауда қонақүй өртенді
Сурет: pixabay
Атырау қаласында К. Смағұлов көшесінде орналасқан бір қабатты қонақүй ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіру мақсатында оқиға орнында жедел штаб құрылды. Құтқарушылар дереу өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, оны толық сөндіру үшін қажетті шараларды қабылдады. Өрт толықтай сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript