Таразда үшқабатты компьютерлік клуб өртенді
Сурет: pixabay
Тараз қаласындағы Ташкент көшесінде үш қабатты ойын клубының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 16 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:
"Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген кезде ашық жалын және қою түтін байқалды. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрттің жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ".
Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript