Атырауда қонақүй кешеніндегі өрттен бірнеше адам зардап шекті

Пожарный, пожарные, пожарная служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 10:21 Фото: Zakon.kz
Атырау қаласында құтқарушыларға Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.

"Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 2 адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды",- делінген ақпаратта.

ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді.

Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін теміржол қауіпсіздік ережесін бұзған 37 мыңнан астам азамат анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: