Теміржолда қауіпсіздік ережесін бұзған 37 мыңнан астам азамат анықталды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, пассажиры поезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 09:03 Фото: primeminister.kz
Көлік полицейлері жыл басынан бері теміржолда қауіпсіздік ережесін сақтамаған 37 мыңнан астам азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұрғындардың басым бөлігі теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өтеді. Мұндай әрекеттер адам өміріне елеулі қауіп төндіріп, қайғылы оқиғаларға себеп болып отыр.

Биыл тоғыз ай ішінде пойыздардың 1 441 рет шұғыл тежелуі тіркелген. Оның ішінде 274 жағдай азаматтардың қауіпсіздік ережесін бұзуынан, ал 1 127 оқиға үй жануарлары мен өзге де бөгеттердің кесірінен болған.

Полиция теміржол бойында жарақат алу және жазатайым оқиғалар саны азаймай отырғанын атап өтті. Себебі белгіленбеген жерден өту, мас күйде жүру және қауіпті аймақтардағы салғырттық – негізгі қауіп факторы саналады.

Өткен демалыс күндері Астана, Тараз, Қызылорда және Шымкент станцияларында бес қауіпті жағдай тіркелді. Барлық жағдайда азаматтар теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Машинистердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында адам шығыны тіркелмеді.

Қазіргі уақытта көлік полицейлері мен теміржол мекемелері тұрғындар арасында алдын алу және түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Мамандардың айтуынша, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – өз өміріңізді сақтаудың басты кепілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: