Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 17:34 Сурет: ҚР ІІМ
Жыл басынан бері көлік полицейлері теміржолдарда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 6813 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 Сондай-ақ пойыздардың шұғыл тежелуінің 288 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен – 62, үй жануарларының теміржол төсемінде болуымен байланысты 182 жайт тіркелген. Көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдахановтың айтуынша, 25 наурызда Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Темірбұлақ – Қостанай Оңтүстік аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдарда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеу қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан үш жылқыны қағып кетті.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 24 минутты құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жылқылардың иесі анықталды. Ол Қостанай облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пойыздардың шұғыл тежелуінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеді, – деді Д.Молдаханов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: