Түркия азаматтығын алғанын айтпаған әйел жазасын алды
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көлік полицейлері қос ел азаматтығын пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Алматы қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Анталья-Алматы» әуе рейсімен ұшып келген Қазақстан Республикасы мен Түркияның қос ел азаматтығы бар 1987 жылы туған азаматшаны анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі, яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша Түркияның аталған азаматшасы 5 жыл мерзімге ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлерімен ҚР ІІМ Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында қос ел азаматтығы бар 3 азамат анықталды, олардың 2-еуі Түркия, ал 1-еуі АҚШ – мемлекетінің азаматы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript